15.12.2016, 11:49
Оқылды: 53

Оралда жас құтқарушылар ант қабылдады

screenshot_2016-12-16-06-57-34-1Орал қаласында Жеңіс алаңында азаматтық қорғау ардагерлері, өрт сөндіру бөлімшелерінің ұжымдары, Өрт сөндіру және апаттан құтқару жұмыстары қызметінің басшылығының алдында Қазақстан Республикасының 25 жылдығын мерекелеу аясында жас құтқарушылар салтанатты түрде ант қабылдады. 


БҚО Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің бастығы, азаматтық қорғау подполковнигі Білəлов Рашид Бекетұлы жеке құрам мен қонақтарға құттықтау сөз сөйледі. Сонымен қатар әрбір қызметкердің халықты төтенше жағдайлардан қорғауға қосып жатқан үлесі құрметпен атап өтілді.

Жүрекжарды тілегін арнаған Департаменттің ардагерлер ұйымы төрағасының орынбасары Людмила Александровна Бизянова да өз сөзінде әр қызметкердің еңбегінің еліміздің өркендеуіне қосып жатқан үлесінің зор екендігін атап өтті.

Сонымен қатар осындай атаулы күні Батыс Қазақстан облысының өртке қарсы қызмет гарнизоны ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті жолдаған жедел әрекет ету автокөлігімен және КамАЗ 5350 өрт сөндіру автокөлігімен толықты.

БҚО ТЖД мемлекеттік тіл

және ақпарат тобы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале