18.08.2023, 10:15
Оқылды: 40

Оралда жас офицерлер кәсіби шеберліктерін шыңдады

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қарулы Күштердің алдына қойып отырған басты талаптарының бірі - әскерилердің кәсіби шеберлігін шыңдау, жан-жақты дамыту. Олардың мәртебесін көтеріп, мемлекет алдындағы жауапкершілігін арттыру. Осыған орай 14-17 тамыз күндері Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығының Орал қаласында орналасқан 5517 әскери бөлімінде әскери жоғары оқу орнын бітірген жас түлектердің оқу-әдістемелік жиыны өтті.

b48fcf69-7ded-4125-882e-9f4228e58f9c

Жиынға Атырау, Ақтөбе, Ақтау және Орал гарнизондарынан келген 36 жас офицер қатысты. Әскери қызметшілерге арнап әдістемелік сабақтар, сондай-ақ әлеуметтік-құқықтық және штабтық даярлықтар, семинарлар, дәрістер, нұсқаулық-әдістемелік көрсеткіштері және оқу-жаттығу сабақтары өткізілді.

Жиын барысында «Взводтың жеке құрамымен көрсетпелі мемлекеттік-құқықтық сабақтың методикалық ұйымдастырып, оқытуы негізі» атты алғашқы оқу-әдістемелік сабақты қолбасшының тәрбие және әлеуметтік - құқықтық жұмыстары жөніндегі орынбасары полковник Бақыт Алазов өткізді.

d7b2fc2b-5611-4846-8942-7e3b957f1384

 Қолбасшылық басқармасында өткен жиынның күндік кестесі қарбалас тіршілікке толы болды. «Батыс» өңірлік қолбасшылығының жауынгерлік даярлық басқармасы бастығының міндетін уақытша атқарушы подполковник Анатолий Чулкиннің өткізген жауынгерлік дайындық көрсетпелі-әдістемелік сабақтар өте қызықты да тартымды өтті. Дәрістер кезінде көптеген жас офицер өздерінің жоғары білімдігін танытты.

32ed8cc0-c590-4bf8-be2e-a05ba62da963

 «Батыс» өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының орынбасары полковник Павел Ситников жиын көздеген мақсатына жеткенін, осы көрсеткен нәтижелер оларға бағынысты бөлімшелерді басқаруда және жеке құраммен күнделікті іс-қимыл жасауда, сондай-ақ қызметтік-әскери міндеттерді орындау барысында септігін тигізетінін атап өтті.

e5789b2e-66b3-4ee9-af77-afc68f8d5e1a

Жиының қорытынды жиналысында «Батыс» өңірлік  қолбасшылығының қолбасшысы, генерал-майор Арман Жұмағалиев тәртіпті күшейту мәселелеріне ерекше тоқталып, жас командирлерге нақты тапсырмалар берді. Сондай-ақ үздік көрсеткішке қол жеткізген жас лейтенанттарды мадақтама қағаздарымен марапаттады.

Ертуған Әубакир,

капитан

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале