17.05.2017, 15:32
Оқылды: 64

Оралда жеңіл көлік екі адамды қағып, біреуі қаза тапты

 Oralda kagip kaitis boldi    Бүгін таңертең сағат 07:55 шамасында Жайық өзенінен өтетін көпірде 1984 жылғы жүргізуші Volkswagen Golf 3 автокөлігін айдап келе жатып, «Жайық таза қала» ЖШС-ның екі жұмысшысын қағып кеткен.


         БҚО ІІД жергілікті полиция қызметінің басшысы, полиция полковнигі Манарбек Ғабдуллиннің айтуынша, 1956 жылғы жұмысшы оқиға орнында қаза тапқан. 1980 жылғы екінші жұмысшы ауыр халде ауруханаға жеткізілген. Олар сол көпірді сырлау жұмыстарын атқарып жатқан. Сол жерде белгі де тұрған.

         Жүргізушінің сөзіне қарағанда, салондағы баласына алаңдап, аңдамай қалған.

         -Қазіргі кезде ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігіне (абайсызда адам өліміне соқтырған жол қозғалысы немесе көлік құралын пайдалану ережесін бұзу) сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде,-деді М.Ғабдуллин.

Елжан Ералы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале