2.07.2024, 11:45
Оқылды: 186

Оралда жеңіл көлік пен жедел жәрдем көлігі соқтығысып, бір адам көз жұмды

Орал қаласында жеңіл көлік жедел жәрдем көлігімен соқтығысып, жүргізуші қаза тапты. Бұл жөнінде ҚазАқпарат жазды.

FA0D9A7D-52AD-48AF-A1B1-27F60CECA57D

Фото: БҚО полиция департаменті

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, оқиға 1 шілде күні шамамен сағат 22.00-де А.Черекаев көшесінде болды.

«ВАЗ-21099» және «Хундай» жедел жәрдем көлігі түйісті. Жол апаты салдарынан «ВАЗ-21099» көлігінің жүргізушісі басқа жедел жәрдем көлігімен ауруханаға бара жатқан жолда көз жұмды. Жеңіл көлікте отырған жолаушы қалалық көпбейінді ауруханаға жатқызылды. Қазіргі кезде ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», - деп хабарлады ведомстводан.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале