Дәл қазір Оралдағы Қадыр Мырза Әлі атындағы мәдениет және өнер орталығының амфитеатрында 9 мамыр – Ұлы Жеңіс күніне арналған «Ұлы Жеңіс алауы» атты мерекелік концерт басталды.
Мерекелік шараға жиналған көпшіліктің қарасы қалың. Концертте ҚР еңбек сіңірген қайраткерілері Жаңылсын Хасанова, Мұрат Әмірханов, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегерлері Жаскелең Ғайсағалиев, Марат Сарбупеев және «Назерке», «Ақжайық», «Әдемі», «Шұғыла» ансамбльдері, «Қарлығаш Қадырбекова» өнер орталығының бишілер тобы, «Step up» би тобы, №2 балалар саз мектебінің хоры мен өзге де танымал әншілер өнер көрсететін болады.
Айта кетейік, биыл Ұлы Жеңіске – 78 жыл толды. Бірнеше күннен бері өңірде атаулы мерекеге орай түрлі мәдени шаралар өтуде.
zhaikpress.kz