8.11.2018, 20:43
Оқылды: 59

Оралда жер мәселесіне байланысты тегін семинар өтеді

Каз -Елбасы өзінің 2018 жылдың 5 қазанындағы Қазақстан халқына Жолдауында жер қатынастарына қатысты процедуралардың артық бюрократизацияланғандығын көрсетті. Сондай-ақ Жолдауда азаматтар мен бизнестің осы саладағы ақпаратқа толық қол жеткізбеуі және ашықтығының болмауы мәселесі де атап өтілді.


Осыған байланысты Орал қаласында сыбайлас жемқорлыққа ықпал ететін аталған себептер мен жағдайларды болдырмау мақсатында, сондай-ақ азаматтардың құқықтық мәдениетін арттыру үшін республиканың барлық өңірлерінде жер мәселелері бойынша тегін семинар өтеді.

Дәріскер ретінде ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің жанындағы республикалық арнайы мониторингтік тобының мүшесі, белгілі қоғам қайраткері, жер қатынастары мәселелері жөніндегі жетекші сарапшылардың бірі, жер қатынастары, заң және сот бойынша тәжірибесі мол кәсіби адвокат – Бақытжан Базарбек қатысады.
Азаматтар төмендегі мәселелер бойынша тегін кәсіби кеңес ала алады:
- жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскелерін беру;
- жер учаскелерінің нысаналы мақсатын өзгерту;
- жерге орналастыру үдерісі, жер учаскелерін сегменттеу;
- игерілмеуіне және нысаналы пайдаланылмауына байланысты, сондай-ақ мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін алып қою;
- өз бетімен құрылыс;
- жер учаскелерін, шекара салу;
- су қорғау аймақтары мен белдеулері, қызылжелілер, санитарлық-қорғауаймақтары;
- жер учаскелерін заңсыз басып алу, рейдерлік.
Осы мәселелерге қатысты сұрақтарыңыз болса, семинарға келіп, қатысуға шақырамыз! Қосымша мәліметті 8 (7112) 51-01-94 нөмірі арқылы алуға болады.
Семинар өтетін күні: 2018 жылы 15 қараша, сағат 14:00-де.
Өтетін орны: Орал қаласы, М.Мәметова көшесі, 81, Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетінің (ҚазИИТУ) «Достық» Студенттер сарайы.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале