Оралда жоғалып кеткен 53 жастағы әйел 9 күннен бері іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Әлеуметтік желіден мәлім болғанындай, Жұмағаным Меңешева 21 тамыз күні Ғ.Тоқай көшесі 64-мекенжайында орналасқан «Таң» дүкенінен шамамен сағат 11.00-де шығып кеткеннен оралмаған.
Ерекше белгілері: бойы 163 см, арықша келген, қой көзді, қара, қысқа шашты.
Үстіне сұр футболка, қызыл шалбар, аяғына қызыл кроссовка киген. Өзімен бірге ұялы телефоны болған.
Жоғалған әйел туралы ақпарат болса, 8-777-184-04-90 немесе 102 телефонына хабарласуға болады.
БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаны растады.
«Қазіргі таңда іздестіру жұмыстары жалғасуда», деп хабарлады ведомстводан.