14.08.2023, 14:45
Оқылды: 56

Оралда жоғалып кеткен жасөспірім орманнан табылды

17 жасар  Адель Сансызбаева үйінен 8 тамыз күні шығып кеткен. Анасы полицияға 9 тамыз күні хабарласқан.

ЖП Полиция (1)

- 9 тамыз 11:50-де Зашаған полиция бөліміне Бәйтерек ауданы Белес ауылының 1984 жылғы тұрғыны хабарласып 2006 жылғы қызының жоғалып кеткені туралы айтты. Хабар түскен бойда барлық жеке құрам жасөспірімді іздеуге кірісті. Жоғалған қыз баланы үш күн іздеп, оны Деркөл кенті маңындағы орман алқабынан таптық. Жасөспірім аман-сау, - деп мәлімдеді полиция департаменінің баспасөз қызметі.

Адель Сансызбаева  полицияға үйден анасымен ренжісіп кетіп қалғанын айтқан.

Біздің редакция анасына хабарласып, мән-жайды анықтамақ болды. Бірақ анасы қызына қатысты сұрақтарға жауап беруден бас тартты.

Ал полиция болса негізінен жасөспірімдер отбасындағы ұрыс-керістен кейін үйден кетеді дейді.

- Жалпы осы жылдың жеті айында 91 адамға іздеу жарияланды.  Екі адам әлі іздестіріліп жатыр. Қалғандары табылды. Жыл басынан бері кәмілет жасына жетпеген 24 балаға іздеу жарияланды. Бүгінде олардың бәрі де табылды, - дейді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Жанат Көшкінбай,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале