29 наурыз күні сағат 09.50 шамасында «Тойота Ланд Крузер 200» автокөлігінің 1962 жылғы жүргізушісі Самара-Шымкент автожолымен келе жатып, Жәңгір хан көшесімен қиылыста жол бермей, 1995 жылғы жүргізуші айдап келе жатқан «Лада 21703» автокөлігімен, сосын тоқтап тұрған «Ауди В4» (оның рулінде 1994 жылғы жүргізуші болған) көлігімен соқтығысқан.
БҚО ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, жол апаты салдарынан «Лада 21703» автокөлігінің жүргізушісі мен 1954 жылғы жолаушысы облыстық аурухананың жансақтау бөлімінде көз жұмған. «Ауди В4» автокөлігінің жүргізушісіне медициналық көмек көрсетіліп, үйіне жіберілген.
Көлік құралдары арнайы тұраққа қойылды. Қазіргі кезде аталмыш дерек бойынша бірқатар сараптама тағайындалып, тергеу амалдары жүргізілуде.
zhaikpress.kz