Бүгін түнгі сағат 02:30 шамасында қаладағы Әбілқайыр хан даңғылында Toyota Camry автокөлігін тізгіндеген 28 жастағы жүргізуші 33 жастағы жүргізушінің басқаруындағы Audi-80 автокөлігіне соқтығысты.
БҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, жол апаты кезінде Audi-80 жүргізушісі алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды.
2003 жыл туған Toyota Camry жолаушысы және 1994 жылы туған жүргізушісі ауруханаға жеткізілді.
Аталған фактіге қатысты ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
zhaikpress.kz