Бүгін шамамен сағат 12:45 шамасында «Орал-Атырау» тасжолының 3 км-де 1981 жылғы туған жүргізушінің басқаруындағы «Лада Гранта» және 2002 жылы туған жүргізушінің басқаруындағы Атырау облысында тіркелген «Тoйота Камри» маркалы автокөлігінің қатысуымен жол апаты орын алды.
БҚО ПД Баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, жол-көлік оқиғасы салдарынан «Лада Гранта» маркалы автокөлігінің жүргізушісі оқиға орнында көз жұмған. Сондай-ақ 4 жолаушы түрлі жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 345 бабы 3-бөлігімен тергеу амалдары басталды.
zhaikpress.kz