Жол жөндеу жұмысына байланысты Жайық өзені арқылы өтетін көпір (С.Датов көшесінен М-32 Самара – Шымкент автожолына өтетін тұс) уақытша жабылады. Бұл туралы Орал қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
«Көпірдің жабылу уақыты 31 шілде сағат 21:00-ден бастап 1 тамыз сағат 6:00-ге дейін. Қала тұрғындары мен қонақтарынан жол жүру бағытын алдын ала жоспарлауды және уақытша қолайсыздыққа түсіністікпен қарауды сұраймыз! Айналма жол Бортау елді мекені ауданындағы Жайық көпірі арқылы жүзеге асырылады», деп жазылған хабарламада.
zhaikpress.kz