4.03.2021, 9:56
Оқылды: 3

Оралда "Жусан" операциясымен елге оралған әйелдерге арналған семинар-тренинг өтті

Кеше Орал қалалық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Дін мәселелерін зерттеу орталығының мәжіліс залында "Жусан" операциясымен елге оралған әйелдерді кәсіпкерлікке ынталандыру мақсатында «???? ??????» атты семинар-тренинг өтті.

сем4

Семинар-тренингті Орталық Азия әйелдерінің Халықаралық қауымдастығының президенті Әсемгүл Оразаева жүргізді.

Семинар-тренинг барысында Әсемгүл Әлікқызы кәсіпкерлік саласы бойынша әңгіме өрбітті.

Кәсіпті тегін аша аламыз ба? Әр жойған ақшаңыздың немесе кәсібіңіздің кіріс-шығысын есептеп жүресіз бе? т.б. сауалдар қатысушыларды мазалағаны байқалды.

Қатысушы тұлғалар көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, толыққанды жауап ала білді.

Шара соңында Орал қалалық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының кеңес беру бөлімінің басшысы Алма Шапбазкерейқызы қатысушыларды келе жатырған 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесімен құттықтап, істеріне сәттілік тілеп, гүл шоқтарын ұсынып, кофе-брейк ұйымдастырды.

«???? ??????» семинар-тренингтің қазіргі уақытта жұмыс іздеуші, белсенді жастарға әр уақытта өз септігін тигізеріне сенім мол.

Болашаққа нақты жоспар құру мақсат қоюдан басталады. Кеше армандадым, бүгін мақсат қойдым, әрекет етудемін. Ал ертең арманыма жетемін.

Міне, осы принциппен өмір сүрген адам көп нәрсеге жете алады. Ынта, ықылас, еңбексүйгіштік, барлығы өзара үндестік тапса, адам сөзсіз мақсатына жетеді. Өткен семинар-тренинг мақсаты да осы болды.

 

Ертай Бимұханов,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале