25.12.2023, 9:15
Оқылды: 121

Оралда жылу электр орталығын жаңарту үшін төрт жоба жүзеге асты – қала әкімдігі

Су, жарық, жылу сияқты негізгі коммуналдық қызметтермен үздіксіз қамтамасыз ету – адамдардың әл-ауқатын арттырудың маңызды шарты. Осы бағытта бірқатар маңызды жобалар қолға алынды, деп жазды Орал қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі Instagram желісіндегі парақшасында.

BB3255E0-1266-4B11-B903-FDD687DBF0FB

Видеодан скрин

«Биыл Орал қаласының жылу электр орталығын жаңғырту мақсатында 4 жоба жүзеге асты. Олар Зашағандағы Ғалымдар ауылы көшесіне жаңа қазандық салу, Мөңкеұлы көшесіндегі №3 қазандықтың жылу құбырларын ауыстыру, жылу электр орталығынының тарату құрылғыларын жаңарту және жаңа градирняның құрылысы сияқты жобалар.

Жуырда 6 су жинау ұңғымасының құрылысы аяқталды. Нәтижесінде өндірілетін су көлемі қосымша 9 мың текше метрге ұлғайды. Жаңадан тағы 5 су ұңғымасын салу бойынша жоба жасақталды. Сондай-ақ Камен топтық су құбырын жаңарту жобасы сараптамадан шықты.

Су бұру желілерінде, атап айтқанда №21-ші, 2-ші, 3-ші кәріз-сорғы станцияларында реконструкциялау жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар 5 станцияны қайта құру үшін жобалық-сметалық құжаттамалар жасақталуда.

Қалалық электр станциясының тозуы 75 пайызды құрайды. Жыл сайын Оралда электр желілерін жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. 2023 жылы 120 км желі ауыстырылды. Инвестициялық бағдарламалар арқылы қосымша 9,3 км желі ауыстырылған. Қаладағы электр желілері мен жабдықтардың тозуын азайту шаралары «Батыс Қазақстан облысын кешенді дамыту жоспарына» енгізілді. Бұл мақсатқа алдағы 3 жылда республикалық бюджеттен 7,5 миллиард теңге қаражат бөліну жоспарланған», делінген парақшада.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале