Былтыр 13 шақырым су құбыры мен кәріз жүйесі, 1,2 шақырым жылу желісі жаңартылған. Бұл жайлы бүгін Орал қаласының әкімі Нариман Төреғалиевтің халық алдындағы есеп беруінде айтылды.
КПО б.в. компаниясының 440 млн.теңге қаражатына 4,3 шақырым су құбырлары жөнделген. Оған қоса, 225 млн.теңгеге 1,3 шақырым кәріз жүйесі коллекторы жаңартылды. Сонымен қатар, 180 мың абонентке қызмет көрсететін Евразия даңғылында жалпы соммасы 71 млн.теңгеге ұзындығы 9 км электр желілері жаңаланған.
Мекемелердің өз қаражаттарына жалпы сомасы 614 млн. теңге болатын 146 шақырым инженерлік желілерді жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Жылдың басына жылу беру желілерінің жалпы тозу деңгейі 52,4%-ға тең, 2014 жылмен салыстырғанда көрсеткіш 0,8%-ға төмендеп отыр. Су құбыр желілері – 63,5%-ға, кәріз желілері - 62%-ға тозған. Тозу деңгейі 2014 жылмен салыстырғанда сәйкесінше 3,1% және 5,8%-ға төмендеген.
zhaikpress.kz