21 қазан күні 8-қабаттан секіріп кеткен А. есімді қыз Ақжайық ауданы Жанама ауылында дүниеге келген.
Фото: Ж.Досмұхамедов атындағы колледждің facebook парақшасынан
17 жасар қыздың 8-қабаттан секіріп кеткені не біреу итеріп жібергені әзірге белгісіз. БҚО Полиция департаменті тергеу жүргізіп жатыр.
- Қазір Ж.Досмұхамедов атындағы колледж жатақханасына кезекшілік қойылып, жатақхана тұрғындары қатаң бақылауға алынды, - деп мәлімдеді БҚО білім басқармасы басшысының орынбасары Бисенбек Насимуллин.
- Оралда 8-қабаттан секіріп кеткен қыз бала 2006 жылғы. Көпбалалы отбасыдан шыққан. Отбасында 17 жастағы А үйінің үлкені. Үйде бес бала бар. Әкесі Атырауда вахтада жұмыс істейді. Ал анасы үй шаруасындағы әйел, - деп мәлімдеді БҚО Білім басқармасы басшысының орынбасары.
БҚО Білім басқармасының мәліметінше, оқиға болатын күні қыздар демалысқа үйлеріне кеткен. Ол күні қыздың қасында тек бөлмеде группаласы ғана қалыпты. Группалас қызы әжетханаға кетіп, қайта келсе бөлмелес қыздың құлап кеткенін көрген. Оның неге олай жасағаны туралы нақты ақпарат жоқ.
Білім басқармасы басшысының орынбасары Бисенбек Жамбылұлы:
- Студент қыз есін жиған соң мән жайды анықтайтын боламыз, - деп мәлімдеді.
БҚО Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі студент әлі реанимацияда алда бірнеше ота жасалады,- деп мәлімдеген еді бірер күн бұрын.
Жанат Көшкінбай,
zhaikpress.kz