Бүгін Оралдағы филармония әншілері науқастың тәнін емдейтін ақ халатты абзал жандардың жанын жадыратып, мерекелік көңіл-күй сыйлады.
№2 қалалық емханада Республика күніне орай «Мәңгі жаса, Атамекенім!» атты мерекелік шара өтті.
Емхана директорының орынбасары Әмина Дармағанбетова адам жанының арашашысы бола білген әріптестерін мерекемен құттықтап, бірақатарына директордың Құрмет грамотасын табыстады.
Ал кәсіподақ төрайымы Айсұлу Ғатауова мерейлі жасқа толған екпе кабинетінің медбикесі Тәтті Надырғалиеваға алғысхат пен естелік сыйлық тарту етті.
Аталған шарада филармония әншілері, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Айбар Хайырханов, республикалық байқаулардың лауреаттары Назира Хибашева, Жұмагүл Жұмабаева, Аида Габдеевалар тамылжыта ән шырқап, тыңдарман ықыласына бөленді.
Айжан Бауыржанқызы