28.09.2018, 15:03
Оқылды: 60

Оралдағы №7 маршруттың автобустары жаңарды

Орал қаласында он жаңа автобус №7 маршруты бойынша жүретін болды. Қала әкімі Мұрат Мұқаевтың айтуынша, қалалық әкімдік пен тасымалдаушы компаниялар бірлесе отырып, автобустарды жаңғырту мақсатында 500 қоғамдық көлікке спутниктік навигация жүйесін (GPS) орнатқан.

avtobus (81)

-Бұны «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы аясында барлық көліктің жүру кестесін сақтау және оларды бақылау мақсатында орнаттық. Екінші деңгейдегі банктермен келіссөз жүргізіп, бүгінгі күнде автокөліктерді жаңартуды жалғастырудамыз. Бұған дейін «БатысДилижанс» ЖШС компаниясы су жаңа 10 автобус әкелген болса, бүгін «АқжолАвто» ЖШС компаниясы тағы да он қоғамдық көлікті халыққа пайдалануға беріп отыр. Жалпы жылдың соңына дейін 50 қоғамдық көлікті жаңарту жоспарда бар. Бұдан өзге қалған төрт тасымалдаушы компания келісімшарттарға қол қойып әрі қарай жұмыстануда. Өздеріңізге белгілі бұған дейін 120 «Газель» автокөлігі маршрутта жүрген болса, қазіргі таңда солардан 30-40 қалды. Жоспарымызға сәйкес алдағы уақытта аталмыш автокөліктер маршруттан алынатын болады. Қазіргі уақытта пилоттық режимде Астана, Алматы қалаларындағыдай «транспорттық карта» жүйесі де қолданысқа енгізілуде. Әзірге бұл жүйе бойынша 4 маршрутта қолданып келсек, енді тағы да жеті маршрутқа енгіземіз. Бұның өзі қоғамдық көлікті пайдаланушылар үшін қолайлы болатынына сенім мол.

Қаламызда соңғы екі жылда 120-ға жуық көшенің жолын жөндеуден өткіздік. Тозығы жеткен көше жолдарының 50 пайыздан жиырма пайызға қысқарттық. Осы орайда қоғамдық көліктер жүретін жолдарды жөндеуді ескерген болатынбыз. Қазіргі кезде №7 маршрут қатынайтын «Балауса» шағын ауданында жол жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар ПДП-2 шағын ауданында да жол жөндеу жұмыстарын бастадық. Ол жұмыстар алдағы жылы аяқталатын болады, -дейді Орал қаласының әкімі Мұрат Мұқаев.

Достық даңғылындағы аялдамалардың бірінде қоғамдық көлік күтушілерге арналған табло қойылған. Аталған таблода келе жатқан автобустардың уақыты көрсетіліп тұрады. «АқжолАвто» ЖШС директоры Эльдар Вагапов қоғамдық көліктер жайлы тұрғындар тарапынан шағымдар болса 33 23 69 немесе 8771 025 94 35 нөміріне хабарласып мән-жәйді білуге болатынын айтты.

Темірболат ӘНУАРҰЛЫ

zhaikpress.kz

Суреттерді түсірген Темірболат ТОҚМАМБЕТОВ

         Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтары біздің Telegram-парақшамызда. Жазылыңыздар!

avtobus (3) avtobus (58) avtobus (63) avtobus (71) avtobus (74) avtobus (98) avtobus (103) avtobus (111)

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале