18.07.2024, 16:45
Оқылды: 85

Оралдағы әскери бөлімде ашық есік күні өтті

ҚР Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты Оралда орналасқан  5517 әскери бөлімінде «Ақжайық қырандары» әскери-патриоттық лагерінің оқушылары үшін  ашық есік күні өткізілді. Бұл туралы ҚР ҰҰ «Батыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі хабарлады.

вч жп (2)

Ашық есік күні кезінде оқушыларға сарбаздардың  жататын казармалары, жауынгерлік дайындық сыныптары, спорт бұрыштары көрсетіліп әскери бөлім аумағына экскурсия жүргізілді. Бұл іс-шара оқушыларға сарбаздардың күнделікті өмірі туралы білуге және әскери қызметке деген қызығушылықтарын арттыруға мүмкіндік берді.

Іс-шара барысында оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, сарбаздар мен олардың командирлерінен жауап алды.

вч жп (4)

Сондай-ақ әскери бөлімнің саптық алаңында балалар үшін атыс қаруларының көрмесі және саптық сабақтар ұйымдастырылды. Әскери бөлімде ұйымдастырылған экскурсия барысында, әскерилер  оқушыларға жауынгерлік дайындық элементтерін көрсетіп, әскери бөлімнің тарихын таныстырды.

2B74A880-8C90-49B7-B517-3545C7625F94

вч жп (3)

Оқушылар әскери қызметшілерге алғыс білдірді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале