Бүгін 20 сағат 04 минутта Орал қаласы Құрманғазы көшесі 179/1 мекенжайы бойынша орналасқан "Шашлыков" дәмханасында 20 ш.м. алаңда мангал үй-жайы өртенген болатын. Бұл туралы БҚО ТЖД баспасөз қызметі хабарлады.
Өрт 20.27-де оқшауланып, 20.31-де толықтай жойылды. Дәмхананың 23 қызметкері және 23 келуші өздігінен эвакуацияланды. Зардап шеккендер жоқ.
Өрттің шығу себебі анықталуда. Оқиға орнында ТЖД жеке құрамынан 28 адам және 11 бірлік техника жұмыс жасады.
zhaikpress.kz