"Jaiyq arena" спорт кешенінде қазақ күресінен жасөспірімдер мен жастар арасындағы ҚР чемпионаты басталды. Жайық жағасын дүбірге бөлеген байрақты бәсекенің ашылуына БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Бақдаулет Сәбитов, ҚР Қазақ күресі Ассоцациясының бас директоры Дамир Бекбосынов, БҚО Қазақ күресі Ассоцациясының президенті Әсет Сұлтанұлы қатысты.
- Ел біріншілігінің Оралда өтуі өңірде ұлт күресінің дамуына тың серпін береді. Бұл жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері ел намысын халықаралық аренада қорғауға мүмкіндік алады. Бабы мен бағы қатар шапқан шын мықты жеңіске жетсін, - деді Бақдаулет Сәбитов.
Палуандар бәсекесінің ашылуында әйелдер күресінен ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы, Рио Олимпиадасының қола жүлдегері Екатерина Ларионованың жеке бапкері Алексей Ларионовқа "ҚР құрметті спорт қызметкері" төсбелгісі табысталды.
Одан соң сөз алған ҚР Қазақ күресі Ассоцациясының бас директоры Дамир Бекбосынов палуандарға сәттілік тілеп, Бақдаулет Маратұлы мен Әсет Сұлтанұлына ҚР Туризм және спорт министрінің алғыс хатын тарту етті.
Жарыстың алғашқы күні қыздар 60, 65, 70 және +70 келі салмақ дәрежесінде ұлдар 90, 100 және +100 келіде кім мықтыны анықтады.
Қорытындысында 60 келі қыздар сынында
І орын - Сматали Ақбота (Жетісу обл.)
ІІ орын - Тилеубаева Айару (Қостанай обл.)
ІІІ орын - Изтаев Жұпаркүл (Түркістан обл.)
ІІІ орын - Сейітқасым Аружан (Түркістан обл.)
65 келі қыздар
І орын - Балғабаева Аяулым (Жамбыл обл.)
ІІ орын - Өтеулі Сезім (Жамбыл обл.)
ІІІ орын - Әлібек Сабина (Шымкент қ.)
ІІІ орын - Өзбек Саяжан (Жетісу обл.)
70 келі қыздар
І орын - Қыдырәлі Ақбота (Түркістан обл.)
ІІ орын - Рсынхан Гүлнұр (Түркістан обл.)
ІІІ орын - Мақсатқызы Шұғыла (Алматы обл.)
ІІІ орын - Забильская Дария (БҚО)
+70 келі қыздар
І орын - Оразбекова Наргиз (Астана қ.)
ІІ орын - Оразбек Ләззат (Шымкент қ.)
ІІІ орын - Кулумбетова Сабина (БҚО)
ІІІ орын - Рамазанова Анель (Абай обл.)
90 келі ұлдар
І орын - Мержанов Ерасыл (Абай обл.)
ІІ орын - Полша Бейсет (Қарағанды обл.)
ІІІ орын - Ағыбаев Шахнияз (Қостанай обл.)
ІІІ орын - Кемелбек Сабырбек (Жамбыл обл.)
100 келі ұлдар
І орын - Қалмырза Ердәулет (Түркістан обл.)
ІІ орын - Жанболатұлы Эльнар (БҚО)
ІІІ орын - Қыбышев Әлімжан (Қарағанды обл.)
ІІІ орын - Адилжан Айдар (Алматы обл.)
+100 келі ұлдар
І орын - Бейсенәлі Мейірхан (Түркістан обл.)
ІІ орын - Базарбай Олжас (Шымкент қ.)
ІІІ орын - Төре Қажымұхан (Астана қ.)
ІІІ орын - Нұрахметов Ерасыл (Абай обл.)
Сынды палуандар жеңімпаз жүлдегер қатарына ілікті.
Түгелбай Бисен