15.10.2024, 13:00
Оқылды: 149

Оралдағы қақпақсыз құдық кімді сорлатар екен?

Орал қаласы әкімдігінің назарына!

Жергілікті жұрт Орал қаласының «Ескі әуежай» деп атап кеткен ауданында Жазира және Единство деген көшелер бар. Міне, осы қос  көшенің қиылысында бірнеше күннен бері жол  үстіндегі орталық кәріз құбырының құдығы  қақпақсыз ашық-шашық жатыр.

IMG_0413

Абырой болғанда, сол маңдағы тұрғындардың бірі әлгі «ашық ауыз» құдықты мына суреттегідей жауып, сақтандыру жолағын (лентасын) айқыш-ұйқыш керіп қойған. Мұның өзі  қауіп-қатердің алдын алудың уақытша ғана амалы екендігі кім-кімге де түсінікті болса керек.

IMG_0412

Ендеше, Орал қаласының әкімдігіне қарасты тиісті құрылымдар бұл мәселені тез арада реттейді деген үміттеміз.

Жол үстіндегі минадай...

Деркөл кенті жағынан М. Мәметова атындағы көшемен келіп, оңға бұрылып Құрманғазы көшесіне түсер тұста асфальттың ойылып, жол үстінде шұңқыр-шұқанақтың пайда болғанына екінші жылға ауып барады. Үшбу «географиялық нысанның» аумағы да, тереңдігі де әжептәуір болғандықтан, автожүргізушілер оны жол үстіндегі минадай айналып өтуге мәжбүр.

IMG_0423

Ал мұндай орынсыз маневр әйтеуір бір күні жол-көлік оқиғасына душар етері анық. Сол себепті бұл ойықты тездетіп бітеп, тегістеген жөн!

Бақытжан Ғабдуллин

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале