26.06.2024, 23:41
Оқылды: 153

Оралдағы көпқабатты тұрғын үйдің пәтері өртке оранды

Орал қаласы, Зачаганск кенті, 9 қабатты тұрғын үйдің 6-қабатында орналасқан пәтерде 22 шаршы метр алаңда үй заттары мен жиһаздың жануы болды, деп хабарлайды БҚО ТЖД баспасөз қызметі.

IMG-20240626-WA0073

Құтқарушылар 3 адамды құтқарып, 4 адамды эвакуациялады. Өрт сөндірушілердің жедел жұмысының арқасында шақырған сәттен бастап 28 минуттың ішінде өрт сөндірілді.

Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда.

Өрт кезінде "101" және "112" нөмірі бойынша хабарлаңыздар.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале