2.03.2024, 15:30
Оқылды: 65

Оралдағы Көрме залында жергілікті өндірушілердің тәтті өнімдерінің көрмесі өтті

Облыстық іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Ляна Тұрсынованың айтуынша, бұл көрме кәсіпкерлердің өзара тәжірибе алмасып, іскерлік қарым-қатынасты нығайтуға себеп болмақ. Іс-шараға қатысуға 60-тан астам өтініш берілген. Солардың тең жартысынан астамы көрмеге қатысты. Мұнда көздің жауын алып, тәбет ашатын торт, печенье, конфеттердің түр-түрі болды. Әр кәсіпкер қонақтарға өнімдерінің жасалу жолдарымен таныстырды.   

IMG_5268

- Қалада тәтті өнімдер өндіретін қыз-келіншектер өте көп. Бүгінгі көрмеге тәттілермен қатар, жаңа сипаттағы жент, құрт секілді ұлттық тағамдар да шығарылған. Бұл да қуантатын жайт. Тек қалада емес, республикалық деңгейде көрсететін өнімдердің көптігіне куә болдық. Кәсіпкерлердің басын қосатын мұндай көрмелердің жиі өтіп тұрғаны аса қажет. Барша кәсіп иесіне табыс тілеймін, - деді Орал қаласы әкімінің орынбасары Арсен Ғұбашев.

IMG_5345

IMG_5311

IMG_5196

IMG_5177

Айна Имашева,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале