26.01.2021, 12:18
Оқылды: 2087

Оралдағы Мәншүк Мәметова музей-үйінің меңгерушісі тағайындалды

Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінің директоры Мирболат Ерсаевтың бұйрығымен аталмыш музейдің филиалы – Мәншүк Мәметова музей-үйінің меңгерушісі болып Ахмедияр Батырханов тағайындалды.
Ахмедияр Қуанұлын облыс халқы өлкетанушы, тарихшы, журналист ретінде жақсы біледі. Екінші дүниежүзілік соғыс тарихын терең зерттеп, осы бағытта авторлық жинақтар мен ғылыми мақалалар жазып келеді.
2aadc618-dac9-40e3-8ec0-e0f4c3347ac3
 
Ол 1971 жылы 15 қаңтарда Орал облысы, Казталов ауданы, (бұрынғы Фурманов ауданы) Сарықұдық ауылында дүниеге келген. 1978-1986 жылдары Сарықұдық орта мектебінде, 1986-1988 жылдары Орал қаласындағы М.Өтемісов атындағы санаториялық мектеп-интернатта орта білім алған. 2001-2004 жылдары Орал гуманитарлық колледжінде «Қазақ тілі мен әдебиеті» факультетінде, 2004-2007 жылдар аралығында Батыс Қазақстан гуманитарлық академиясының «Экономика және информатика» факультетінің «Тарих» мамандығына оқып, жоғары білім алған. 2010-2013 жылдары Жәнібек аудандық мемлекеттік мұрағатының директоры, 2013-2018 жылдары «Жайық Пресс» ЖШС Жәнібек филиалының директор-редакторы, 2018-2019 жылдары Жәнібек аудандық мәдениет және демалыс саябағының директоры қызметтерін атқарған. 2019 жылдан Батыс Қазақстан облысы мәдениет басқарамасының Батыс Қазақстан облыстық тарихи-мәдени мұраларын қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекциясының инспекторы қызметін атқарып келді.
Нұрлыбек Рахманов,
zhaikpress.kz
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале