Бүгін сағат 07.42-де ҚР ТЖМ ОДЖББ жедел кезекшісінен телеграм мессенджерінен Орал қаласындағы медициналық колледж жатақханасының санитарлық торабында кәрізден су кеткені туралы ақпарат келіп түсті.
"Қардың жаппай еруіне байланысты қаладағы көптеген кәріздер жүйесі су астында қалды. Су осы объектінің жуынатын бөлмесінде шыға бастады". БҚО ТЖД жедел штабының ақпараты бойынша мұндай сипаттағы хабарлама түскен жоқ. Ақпаратты ЖАО қалалық жедел штабы қабылдады. Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі, 65/2 мекенжайы бойынша жертөлені су басқан, су деңгейі 30-40 см. Зачаганск кентінің әкімдігі суды айдау үшін 1 бірлік көлемінде мотопомпаны ұсынды.
Жатақхананы су басуға қатысты мұндай деректер бізге түскен жоқ. Онда коммуналдық қызметтер жұмыс жасауда.
Сондай-ақ 10 наурызда Орал қаласы аумағында күрделі су тасқыны жағдайы туындағанын, кәріз жүйесі еріген қар суы көлемінің күрт өсуімен толғанын, бүкіл қалалық жүйеде осындай жағдай орын алғанын атап өткен жөн. Осы себепті "БатысСуАрнасы" ЖШС тұрғын үйлерге су беруді тоқтату туралы шешім қабылдады (тұрғын үй секторына су беру кесте бойынша жүзеге асырылады, әлеуметтік маңызы бар объектілер үшін су тасымалдау ұйымдастырылған).
Ескерту: ТЖ департаменті бөлімшелерінің құтқару техникасы мен жабдықтары кәріз ағындарын тазартуға бейімделмеген, шаралар қабылдау жөніндегі ақпарат Зачаганск кентінің әкімдігіне берілген.
zhaikpress.kz