4.08.2023, 11:45
Оқылды: 6

Оралдағы «Мишкопад» акциясы: төрт мыңға жуық ойыншық жиналды

Кеше қазақ футболында алғаш рет «Мишкопад» акциясы өтті. Қайырымдылық жасауға шақырған шараға футбол сүйер қауым белсенді қатысты.

фк мишкопад (2)
Қазақ футболында бұрын-соңды болмаған акцияның өтуіне оралдық «Ақжайық» футбол клубы бастамашы болды. Қайырымдылық шарасы «Ақжайық» пен «Жеңіс» ойынының үзілісінде өтті. Қалың жанкүйер өзімен бірге алып келген ойыншықтарды алаңға лақтырды.

фк мишкопад (3)

«Ақжайық» футбол клубы баспасөз қызметінің хабарлауынша, стадионға 2600-ге жуық адам келсе, төрт мыңдай ойыншық жиналған. Футбол клубы ойыншықтарды қаладағы балалар үйіне таратпақ.
Айта кетейік, мұндай акция мұхиттың арғы бетіндегі ұлттық хоккей лигасында басталған үрдіс. Елімізде қайырымдылық шарасын «Барыс» хоккей клубы дәстүрлі түрде өткізіп келеді.

фк мишкопад (1)

Динара Насыр,

Фотоға түсірген Айбатыр Нұраш
zhaikpress.kz

фк мишкопад (4) фк мишкопад (5)

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале