26.05.2023, 9:30
Оқылды: 175

Оралдағы NIS оқушысы республикалық олимпиада жеңімпазы атанды

Орал қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 7-сынып оқушысы Алихан Ғайнулла химия пәнінен республикалық жасөспірімдер олимпиадасында І орынға ие болды.

2b45520c-6c7b-456d-9251-3d46d59c6a9f

Еліміздің әр түкпірінен сынға түскен 22 оқушының арасынан алға шыққан Алихан айқын басымдылықпен жеңіске жеткен. Оның жинаған жоғары ұпайы айналасының айрықша таңданысын туғызды.

083652e3-b784-4514-aa94-30b8e350eba1

Зияткерлік мектеп табалдырығын былтыр ғана аттаған шәкіртіміз үшін бұл жетістіктің орны бөлек. Жастайынан химиялық эксперименттерді жасауға жаны құштар. Аталған ғылымға зор қызығушылық танытады. Сондай-ақ шахмат ойындарына қатысып, жүлделі орындарға да ие болып жүр.

Зияткерге жетекшілік еткен мектебіміздің химия пәнінің мұғалімі Гүлсім Киматова да Алиханның бойында ерекше сенімділік пен зор ізденістің бар екенін бөлісті. Дарынды оқушыны одан әрі дамыту жұмысы жүргізіле бермек.

Мөлдір Латифова,

Орал қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің баспасөз хатшысы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале