16.05.2024, 19:00
Оқылды: 71

Оралдағы саяжай учаскелерінен суды сору жұмысы жүргізілуде

Су тасқынынан зардап шеккен облыс орталығындағы 12 саяжай учаскелерінен суды сору жұмысы жүргізіліп жатыр,  деп хабарлайды БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі. 

InShot_20240516_185048024

Аталған жұмыстарға төтенше жағдайлар департаменті тарапынан 37 техника, 40-қа жуық маман жұмылдырылды.

InShot_20240516_185108568

Қазіргі уақытта облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің тапсырмасы аясында Орал қаласында су тасқынынан зардап шеккен саяжай тұрғындарының шығынын есептеу және материалдық көмек төлеу жөніндегі арнайы комиссия штаттық режимде жұмыс істеуде.

Су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға 100 айлық есептік көрсеткіш көлемінде бүгінгі күнге дейін облыс бойынша 7759 отбасыға 2,8 млрд теңге біржолғы әлеуметтік көмек төленді. Тұрғындардан түскен өтініштер негізінде төлемдерді төлеу жалғасуда.

InShot_20240516_185018882

Бұдан бөлек, комиссия тексеру актілері аясында суы кеткен саяжайларды қарауда. Кезең-кезеңімен барлық саяжайлар техникалық зерттеуден өтеді.

Атап өтерлігі, осыған дейін тұрақты негізде саяжай тұрғындарымен кездесулер өткізілді, алдағы уақытта да түсіндіру жұмыстары жалғасатын болады.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале