29.10.2021, 16:34
Оқылды: 110

Оралдағы "Шаңырақ" үйінің алты азаматы баспаналы болды

Кейінгі  бес жылдың ішінде Оралда 230 жетім бала пәтерлі болды. Жуырда ғана 198 пәтерлі үй тапсырылып, осы санаттағы 21 азамат жаңа қоныстарының кілтін алды.
уй

Жергілікті атқраушы органның тұрғын үйге мұқтаждар кезегінде 21 мыңнан астам азамат тұр. Олардың 1884-і – жетім балалар санаты бойынша кезекке қойылғандар. Тұрғын үй қатынастары заңына сәйкес салынған үйдегі пәтерлердің 20 пайызы жетім балаларға беріледі.

-Сонымен қатар олардың «Нұрлы жер», «Шаңырақ» бағдарламаларына қатысуына толық құқығы бар. «Отбасы» банкінің шарты бойынша бағдарламаға қатысуға ниет білдіргендердің үй құнының 5 пайыздық жарнасы болуы керек. Мәселен, үйдің бағасы 10 млн. теңге болса, өтініш беруі үшін ашылған есепшотта 500 мың теңге  жинақ болуы тиіс, – дейді қалалық тұрғын үй коммуналдық шауашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің сектор меңгерушісі Ерлан Шайхиев.

13758e3a-aa32-460e-b604-98f080d9adc2

Маманның  айтуынша, қазіргі уақытта 2010 жылы кезекке тұрғандар баспана алуда. Дегенмен, бұл санат бойынша кезекке  тұрғанымен кәмелеттік жасқа толуы ескеріліп, кейбірі кейінге шегірілуде. Сонымен қатар кезегі келіп, үй берілгенімен, жұмыс бабымен шетелде жүрген азаматтар да бар. Сол себепті құжаттары әлі рәсімделмеген.

7fd5e501-0860-497b-90b1-5f09b5d2c447

Жуырда тапсырылған 198 пәтерлі тұрғын үйдің 50 пайызы (99 пәтер) көпбалалы аналарға берілсе, 20  пайызы, яғни 21 пәтер – жетім балаларға берілген. Үй алғандардың алтауы – «Шаңырақ» жасөспірімдер үйінің  тұрғындары. Солардың бірі Азат пен Асыл Нұрмұхановтар қазіргі уақытта жаңа қоныстарына көшуге қамдануда.

8c41b744-641a-41da-acfe-489aecd91349

-11 жыл кезекте тұрып, жаңа үйге  қол жеткіздік. 10 жыл бұрын отбасын құрдым, бес перзентіміз бар. Бұрын «Шаңырақтағы» екі бөлмелі шағын пәтерде тұрдық. Ал жаңа үйіміз 84 шаршы метрлі, кең, жарық, үш бөлмелі. Балалар да өзіміз де қуаныштымыз. Жиһаздар алып, кіруге дайындалудамыз, – дейді Азат.

Азат

«Шаңырақ» үйінің директоры Өмірбай Қалымбеттің айтуынша, қазіргі уақытта жасөспірімдер үйінде жетім балалар үйінің 103 түлегі тұрып жатыр. Оның 36-сы – отбасын құрғандар, 17-сі – жалғызбасты аналар.  Олардың жалпы балалары – 88. Балалар №4 және №39 мектептерде білім алуда.

– «Шаңырақ» тұрғындары үшін барлық жағдай жасалған. Жылы, салқын су тартылған. Тұрғындардан  коммуналдық төлем алынбайды. Үйді күтіп-ұстау үшін жылына бюджеттен 23 млн. теңге  бөлініп отыр. Тұрып жатқан азаматтардың бәрі де баспана кезегіне  қойылды, – дейді  Өмірбай Қалымбет.

өмірбай

«Шаңырақ» жасөспірімдер үйі тұрғындарының  баспана мәселесі бойынша облыс әкімдігі жанынан арнайы  комиссияға құрылды. Бұл комиссия құрамында «Шаңырақтың» алты  тұрғыны бар.

Эльмира Нұғманова

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале