14.09.2023, 18:00
Оқылды: 37

Оралдағы «Халық қатысатын бюджет»: жоба аясында тоғыз ұсыныс қабылданған

Орал қаласында жол салу жұмыстары жалғасуда. Қазіргі таңда Исатай батыр көшесінен Гастелло көшесіне дейінгі Панфилов көшесінің автомобиль жолын қайта құру жұмыстары басталды, деп хабарлайды Орал қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

E03FD6FD-A36D-43FE-B004-9840D39011BD

Жолдың жалпы ұзындығы – 1,728 км. Мердігер мекеме – «Жайық Сити» ЖШС.

Сондай-ақ «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында тағы бір тынымбақ абаттандырылуда.

Жалпы биыл аталмыш жоба аясында жүзеге асыру үшін тоғыз жобалық ұсыныс қабылданған.

Қазіргі таңда Пушкин тынымбағын абаттандыру жұмыстары басталған. Жоба бойынша тынымбақ аумағына жарықтандыру жүргізіліп, спорт және балалар ойын алаңы салынбақ.

Бұдан бөлек, Қонаев шағынауданы бойындағы тынымбақты абаттандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале