4.01.2024, 13:00
Оқылды: 176

Оралдағы жарылыс: төрт адам жансақтау бөлімінде жатыр

Бүгін түнде Оралдағы дәмхалардың бірінде болған жарылыстың салдарынан зардап шеккендерге тиісті медициналық көмек көрсетіліп жатыр.

WhatsApp Image 2024-01-04 at 08.48.56

Облыс әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, зардап шеккен бес адам Оралдағы көпбейінді қалалық ауруханада дәрігерлік бригаданың көмегін алып жатыр.

Ал екі ер адам және екі әйел адам жансақтау бөлімінде.
Бір ер адам травматология бөлімде ем алып жатыр.
Қазіргі уақытта Батыс Қазақстан облысының әкімі мәселені бақылауда ұстап отыр.
Әкім түнде жарылыс орнында болып, облыстық төтенше жағдай департаментіне және денсулық сақтау басқармасына тиісті тапсырма берді.
Естеріңізге сала кетейік, бүгін түнгі сағат 02.07-де 101 пультіне Оралдағы Сырым Датов көшесі, 52 мекенжайындағы «Ризық» дәмханасында өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түскен еді.
Апат салдарынан екі адам қаза тапты.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале