6.05.2024, 19:00
Оқылды: 35

Оралдан 43 оқушы «Балдәуренге» жолданды

Орал қаласынан 43 оқушы «Балдәурен-Түркістан» республикалық оқу-сауықтыру орталығына жолданды, деп хабарлайды Орал қаласы білім беру бөлім баспасөз қызметі. 

IMG-20240506-WA0053(1)

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Балдәурен-Түркістан» РОСО-ың жоспар кестесіне сай, Ә.Молдағалиеваның 100-жылдығына орай «Батырлар ізімен» әскери-патриоттық клубтарының жиынын ұйымдастыру және су тасқынынан зардап шеккен отбасы балаларын оқу-сауықтырудан өткізу жоспарланған.

Орталыққа қала мектептерінен спорт пен әскери сайыстарда жетістікке жеткен оқушылар, су тасқынынан зардап шеккен отбасы балалары жіберілді. 23 мамырға дейін жоспарланған жиын аясында оқу процесі де ұйымдастырылады. Оқушылардың бос уақыттарын тиімді пайдалану мақсатымен спорттық, шығармашылық шаралар өткізіледі.

Айта кетейік, бұған дейін Алматыдағы «Тау Жанашар» лагерінде су тасқынына зардап шеккен отбасылардан 35 бала демалыстарын өткізіп келді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале