8.07.2026, 11:00
Оқылды: 12

Оралдан Ташкентке қатынайтын әуе рейсі тоқтатылды

Оралдан Өзбекстан астанасы Ташкент қаласына әуе рейсі ұшпайтын болды, - деп жазады Kazinform.

жп самолет

Фото: Сайт архивінен 

«Орал халықаралық әуежайы» ЖШС-ның баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, Centrum Air әуе компаниясы 5 шілдеден бастап рейсті тоқтатқанын хабарлаған.

Себебі — Орал мен Ташкент арасында қатынайтын жолаушылар мардымсыз, түсіп жатқан қаржы аз.

Аталмыш компания осы бағыттағы тікелей рейсті биылғы 23 наурызда ашқан болатын. Ұшақ бастапқыда аптасына екі рет қатынады. Кейін тек жексенбі күндері ғана ұшты.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале