Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі жазды.
Фото: youtube.com
Сәуірде Орал қаласы сотының шешімімен Батыс Қазақстан облысының екі тұрғыны Қылмыстық кодекстің 206, 250 және 198-баптарында көзделген қылмыстарды жасағаны үшін әр қайсысына 2 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру туралы үкім шықты.
Сондай-ақ олар коммерциялық ұйымдарда 5 жыл мерзімге басшылық лауазымды атқару құқығынан айрылды.
Үкім шығаруға ҰҚК-нің іс жүргізу материалдары негіз болған.
Оған сәйкес сотталғандар 2021-2022 жылдары Қазақстанның ғылым және жоғары білім министрлігі Ұлттық тестілеу орталығының заңмен қорғалатын ақпаратына заңсыз қол жеткізіп көшірген.
Үкім заңды күшіне енді.
zhaikpress.kz