27.05.2024, 12:30
Оқылды: 1

Оралдық екі тұрғын Ұлттық тестілеу орталығының ақпаратын заңсыз алып көшірген

Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі жазды.

9f8e8174-5a70-4729-8f30-17889a2ac6ed
Фото: youtube.com

Сәуірде Орал қаласы сотының шешімімен Батыс Қазақстан облысының екі тұрғыны Қылмыстық кодекстің 206, 250 және 198-баптарында көзделген қылмыстарды жасағаны үшін әр қайсысына 2 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру туралы үкім шықты.

Сондай-ақ олар коммерциялық ұйымдарда 5 жыл мерзімге басшылық лауазымды атқару құқығынан айрылды.

Үкім шығаруға ҰҚК-нің іс жүргізу материалдары негіз болған.

Оған сәйкес сотталғандар 2021-2022 жылдары Қазақстанның ғылым және жоғары білім министрлігі Ұлттық тестілеу орталығының заңмен қорғалатын ақпаратына заңсыз қол жеткізіп көшірген.

Үкім заңды күшіне енді.

zhaikpress.kz

 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале