1.12.2023, 14:30
Оқылды: 38

Оралдық науқасқа 3 миллион теңгенің отасы МӘМС есебінен тегін жасалды  

 

Жуырда БҚО-дағы көпбейінді облыстық балалар ауруханасында тұңғыш рет бел жарақатын алған пациентке МӘМС аясында тегін ота жасалды. Бұл туралы әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры БҚО-дағы филиалының баспасөз қызметі хабарлады.

1860fdb1-318d-4db6-aa38-6724242fc555

Құны 3 миллион теңге болатын омыртқалардың транспедикулярлы фиксациясы отасы облыстық көпбейінді аурухана нейрохирургы -Бекежан Трайсовтың жетекшілігімен сәтті өтті.

7875aa39-1b01-474b-9181-8e8e7d8f1351

Күрделі отаға Бекежан Траисовпен қатар нейрохирургтар Айбек Ахатов, Ескелді Жөкенов, Жайдар Сапарғали және анестезиолог-реаниматолог Мирболат Жұмағұлов сынды ақ халаттылар қатысты.

- Қазіргі таңда науқастың жағдайы қалыпты. Отадан кейінгі кезеңге сәйкес келеді, - деді аталмыш отаны жасаған дәрігер Бекежан Траисов.

Еске сала кетейік, әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры қаражаты есебінен ота жасалған пациенттердің оңалтудан да өтуге мүмкіндіктері бар.

 

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале