3.11.2023, 16:45
Оқылды: 21

Оралдық NIS оқушысы республикалық балалар оқуы байқауының жеңімпазы атанды

Балалардың кітап оқуға деген құштарлығын арттыру, еліміздің әдебиеті мен жазушылар шығармаларын, шетелдік туындыларды зерделеуге шақыру мақсатында өткен ауқымды сайысқа ел бойынша 15 мыңға тарта оқушы қатысқан.

54ac0538-13e8-406a-a08f-4f8cbc582964

Оның ішінен 63 оқушы республикалық кезеңге жолдама алып, мектебіміздің оқушысы Айша Байдат 9-сыныптар арасынан 1-орынды иеленді.

45005cbf-1044-440c-b0c4-ce1488d4be20
Зияткеріміз Әбіш Кекілбаевтің екі томдық «Үркер» романы мен Роберт Льюис Стивесонның «Қазына аралы» романын оқыған.

– Бастапқы кезеңде кітаптарды аз уақыт ішінде оқу керек болды. Төрт күн ішінде жалпылама оқып шықтым. Келесі кезеңге жолдама алған соң күніне 50-60 беттен оқып, 20-25 күнде екі кітапты бітіре алдым. Тжб/бжб жұмысы, қосымшалар қатар келіп қалып, аздап қиындықтар туындады. Дегенмен табандылық танытқым келді. Ал республикалық кезең оңай болмады. Тестілеуде сұрақтар кітаптардың мазмұнын детальді білуді талап етті. Ал логикалық сұрақтардың нақты жауабын табу біраз ойландырды, – дейді кітапсүйер зияткер.

6c59c920-d197-403f-a4ca-65acd9d83ebf

Шәкіртінің жүрегіне әдебиетке деген жалын туғызған жетекшісі, мектебіміздің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Зәмзәгүл Тілепбергенқызы да ой бөлісті:

– Жазушының көркемдік әлеміне үңіле отырып, рухани құндылықтарын роман желісімен ашып жазу – күрделі іс. Автордың жазушылық мәнерін, көркемдік-стильдік амал-тәсілдерін талдап жазу тек романды шебер оқып, қабылдай алған оқырман ғана жаза алады. Меніңше, ол оқырман бұл жерде Айша бола алды. Тыңдағанды ұққан, әр кеңеске зейін қойған шәкіртіме дән ризамын, - дейді жетекші.

Орал қаласындағы Назарбаев

Зияткерлік мектебінің баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале