9.09.2020, 20:41
Оқылды: 145

Оралдық өрендер қамшы өруден сынға түсті

Халқымыздың мәдени-тұрмысы мен рухани зердесінде қамшының алатын орны ерекше. Қамшы – өнер туындысы, қамшы – рухани күш-қуат, қамшы – азамат айбыны. Өйткені қамшы тек ат айдайтын құрал ғана емес, айта алсақ, сөйлете білсек, мақтанарлық қасиетті әрі қастерлі қазына.

Қамшы 1

Жас ұрпаққа ерте заманнан бастап қолданып келе жатқан қамшыны дәріптеп, балаларға түсіндіру, таныстыру мен салт-дәстүрлерді дәріптеу арқылы ұлттық мінез қалыптастыру мақсатында Орал қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі «Мәдени-ағарту бірлестігі» МКҚК қолдауымен «Болашақ» балалар аула клубының ұйымдастыруымен «Шебердің қолы алтын» атты қамшы өруден онлайн байқау оздырылды.

Байқауға 2020 жылдың наурыз айынан құрылған қамшы өру үйірмесіне қатысатын «Болашақ» балалар аула клубының тәрбиеленушілері қатысты.

Аталмыш байқау бірлестіктің madeni_agartu_birlestigi инстаграм парақшасынан тікелей эфирде көрсетілді.

Қатысушылар 4 өрім бойынша қамшыны 7 минутта  өріп, қолданған материалы мен өрім түрі туралы айтып берді.

Қамшы 2

Қазылар алқасының құрамында БҚО өлкетану музейінің бөлім меңгерушісі З.Хангереева, мәдени-ағарту бірлестігі директорының шығармашылық жұмыстары жөніндегі орынбасары Б.Қанатов, «Шабыт» балалар аула клубының қолөнер үйірмесінің жетекшісі Ұ.Тұрашевалар болды.

Байқау қорытындысында Әлібек Алабасов І орын, Айнұр Кунеева ІІ орын, Қалқаман Төлеген ІІІ орынды иеленді.

Бірлестіктің атынан жүлделі орын иегерлерімен қатар барлық қатысушылар диплом, сыйлықтармен марапататталды.

- Қазақ халқының ұмытылып бара жатқан қамшы өру өнерін қайта жаңғырту, оны балаларға үйретуді бірлестік басшылығы биылдан қолға алып, аула клубтарына аталмыш үйірмені ашуға қолдау көрсеткен болатын.

Аз ғана уақыттың ішінде қаламыздан алыс орналасқан Ветелки ауылындағы бірлестікке қарасты «Болашақ» балалар аула клубының қамшы өру үйірмесімен жұмыстануы, оны балалардың үйреніп жатырғандығын бүгінгі байқау дәлелдегендей болды, - дейді Орал қалалық мәдени-ағарту бірлестігі әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Анаргүл Бимұханова.

 

Ертай Бимұханов,

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале