4.12.2023, 9:45
Оқылды: 45

Оралдық полицейлер бопсалаушыларды ұстады


БҚО ПД экстремизге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері 1992 жылғы Орал қаласының тұрғынынан 2 миллион теңге ақша бопсалаған 1984 жылғы тұрғынын ұстады.

IMG_3837

БҚО полиция департаментінң баспасөз қызметінің хабарлауынша, тексеру барысында күдікті бұған дейін де бірнеше рет қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны анықталып, алайда ешқандай шешім шығармағаны белгілі болды.

Сондай-ақ БҚО ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері ақша бопсалады деген күдікпен Батыс Қазақстан облысының 19 және 20 жастағы үш тұрғынды тұтқындаған. Олар Теректі ауданының тұрғынынан 250 мың теңге көлемінде ақша бопсалаған.

Ұсталғандар Орал қалалық ПБ уақытша ұстау изоляторына қамауға алынған.

Аталған екі фактіге қатысты ҚР ҚК-нің 194-бабы 2-бөлігі (Қорқытып алу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале