22.11.2023, 16:15
Оқылды: 38

Оралдық полицейлер өзгенің көлігін заңсыз иемденген азаматты “ізін суытпай” қолға түсірді

Оралдық полицейлер өзгенің көлігін заңсыз иемденген азаматты “ізін суытпай” қолға түсірді, деп хабарлайды Polisia.kz.

7d88c2f1-633d-4d85-b3d1-e4cd159fd122

21 қараша күні сағат 10:30 кезінде Шаған ПБ кезекші бөліміне 43 жастағы Шаған ауылының тұрғыны хабарласып, Жәңгір хан көшесіндегі үйлердің ауласына қойылған ВАЗ-2112 автокөлігін белгісіз біреудің айдап әкеткені туралы хабарлама келіп түседі.

Ақпарат келіп түскен бойында тосқауыл жоспары жарияланды. Орал қаласы ПБ жедел-басқару орталығындағы камералардың көмегімен автокөліктің қозғалу бағыты анықталды. Полиция қызметкерлерінің жедел іс-әрекеттері нәтижесінде оқиға ізін суытпай Орал қаласы ПБ патрульдік полиция батальонының қызметкерлерімен облыс орталығы аумағынан автокөлік анықталып, ұсталды.

Қазіргі уақытта көлік иесіне қайтарылды. Ұсталған 19 жастағы азаматқа қатысты ҚР ҚК-нің 200-бабы 1-бөлігіне (Автокөлікті айдап әкету) сәйкес тергеу жұмыстары басталды.

Айта кету керек, жыл басынан Орал қаласы ПБ жедел басқару орталығындағы бейне бақылау камераларының көмегімен 137 қылмыстық іс, оның ішінде 7 ұрлық, 20 тонау, 17 автокөлікті ұрлау, 20 бұзақылық және 73 өзге де қылмыстар ашылды.

Еске салар болсақ, қарашаның 20 мен 30 күндері аралығында облыс аумағында республикалық “Құқықтық тәртіп” жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр, осыған байланысты полиция қызметкерлері күшейтілген бағытта қызмет атқарып жатыр..

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале