31.07.2023, 17:00
Оқылды: 22

Оралдық тұрғын шетелде бүйрегін сатпақ болған

Оралда 33 жастағы ер азамат шетелде өз бүйрегін сатпақ болған. Бұл туралы БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

WhatsApp Image 2023-07-31 at 15.02.09

Ол отаны Кения Республикасында жасату үшін мәміле жасасқан. Кеше БҚО ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы қызметкерлерімен бірлесіп, ІІМ-нің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің үйлестіруімен адам органдарын сату әрекеті тоқтатылды.

Полиция қызметкерлері оның  1990 жылғыОрал қаласының тұрғыны екендігін, отбасылы әрі вахталық әдіспен жұмыс істейтіндігін анықтаған. Ақша жетіспегендіктен өзінің бүйрегін сатпақ болған.

Биыл мамыр айында аталған азамат халықаралық интернет-сайтта ақшалай сыйақы үшін трансплантация үшін бүйрек сататыны туралы хабарландыру жариялаған.

Оған telegram каналы арқылы сайттың қызметкерлері байланысқа шығып, ортақ мәмілеге келу арқылы құны 20 000 АҚШ долларын құрайтын отаны Кения Республикасында жасауға келіскен.

Екі ай бойы А. есімді азамат медициналық орталықтарда тапсырған талдау нәтижелерін telegram каналы арқылы жіберіп отырған.

Сайт қызметкерлері оған жол жүру, электронды виза үшін 250 АҚШ доллары көлемінде ақша жіберген.

30 шілде күні полиция қызметкерлері аталған азаматты Алматы қаласындағы әуежайдың ұшу аймағынан ұстады.

Одан әрі тергеу жүргізу үшін азамат Орал қаласына жеткізіліп, ешқайда кетпеу туралы қолхат берді.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 116 бабы 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале