7.02.2024, 17:45
Оқылды: 13

Оралдық ұландар алғашқы рет жауынгерлік қызметке шықты

Оралда орналасқан Ұлттық ұланның 5517 әскери бөлімінде жақында ғана әскери ант қабылдаған жас сарбаздары жауынгерлік қызметке алғашқы рет аттанды.

IMG-20240207-WA0163

5517 әскери бөлімінің саптық алаңында жас сарбаздардың алғашқы жауынгерлік қызметіне арналған таралым өткізілді.

Улан

Шара барысында әскери бөлім командирінің міндетін уақытша атқарушы подполковник Думан Галиев жас сарбаздарды жауынгерлік қызметтің алғашқы күнімен құттықтап, алдағы жауапты қызметтеріне сәттілік тіледі. Сонымен қатар заң мен әскери жарғы талаптарын қатаң сақтауды, халыққа қалтқысыз қызмет етуді тапсырды. Сонымен қатар аталмыш шараға әскери бөлімнің ардагерлері мен бірігіп жұмыс жасайтын құқық қорғау органдарының өкілдері қатысып, жас сарбаздардың алдағы жауынгерлік қызметтеріне сәттілік тіледі.
Айта кетейік, жас сарбаздар құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен бірігіп Орал қаласының тұрғындары мен қала қонақтарының қауіпсіздігін, қала тыныштығын қамтамасыз етеді.

ҚР ҰҰ «Батыс» Өңірлік қолбасшылығының

баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале