Бүгін еліміздің барлық қаласы мен аймақтарында АЭС құрлысы бойынша референдум өтіп жатыр. Бұған Орал қаласында орналасқан Ұлттық ұланның 5517 әскери бөлімінің әскери қызметшілері де белсене қатысып жатыр. Бұл туралы ҚР Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі хабарлады.
Таңғы сағат 06.00-де ашылған №479 дауыс беру учаскесіне алғашқылардың бірі болып ҚР Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы генерал-майор Бекайдар Қазкеев және 5517 әскери бөлімінің командирі подполковник Өміржан Сахатов келіп таңдауларын жасады.
- Әскери бөлім аумағында орналасқан №479 дауыс беру учаскесі таңғы сағат 06:00-ден жұмысын бастап кетті. Мұндағы дауыс беру тәртібі барлық талапқа сай өтіп жатыр. Қазақстан Республикасының азаматы ретінде мемлекеттік маңызды мәселеге қатысты менде даусымды беруге шешім қабылдап, еліміздің болашағы үшін таңдауымды жасадым, - деді подполковник Өміржан Сахатов.
Қазіргі таңда ҚР Ұлттық ұланының «Батыс» өңірлік қолбасшылығы бойынша 4 дауыс беру учаскесі жұмыс істеп тұр. Ол учаскелерде мерзімдік әскери қызметшілер мен қатар офицерлер мен сержанттар да дауысын бере алады.