Бүгін Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты Орал қаласында орналасқан 5517 әскери бөлімінде 1 маусым – Балаларды қорғау күніне арналған мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.
Аталмыш іс-шараға әскери қызметкерлердің 100-ден астам балалары келіп қатысты. Балаларға арналған іс-шара барасында әртүрлі ойындар өткізіліп, арнайы сыйлықтар табысталды.
Сонымен қатар, ұландықтар кинология саласы мен қатар қоян-қолтық күрестен көрсетілім көрсетіп балаларды тамсандырды.
Іс-шара соңында сайыстарға белсенді қатысқан балаларға алғысхаттар мен сыйлықтар табысталып, мерекелік іс-шара естелік фотосуретке түсумен аяқталды.
ҚР ІІМ ҰҰ «Батыс» ӨңҚ баспасөз қызметі