15.08.2019, 11:45
Оқылды: 39

Оралдық велоқозғалыс мүшелері Қала күніне орай веложорық ұйымдастырмақ

Бала кезден велосипедке ерекше қызығушылық танытып, бүгінде автокөлік жарысында бақ сынап жүрген Андрей Карпов есімді азамат 2013 жылы шайтанарбамен шыныққанды жөн көретін жандардың басын біріктіретін «Орал велосипедшілері» велоқозғалысын құрған. Бүгінде қозғалыс мүшелері күнделікті 35-50 шақырым, ал демалыс күндері 120-150 шақырымға дейін қашықтықты бағындырады.

zhastar (6)

«Алысқа бармай-ақ, қаламыздың шет жағына шыққанда табиғатымыздың әсемдігіне ерекше таңданасың. Велосеруен адамның денесін, ой-санасын сергітіп қана қоймай, айналаңдағы әдемілікті бажайлап, сұлулыққа көз тойдыруға мүмкіндік береді. Алдағы уақытта қозғалыс мүшелері облыс көлемінде автокөлік жарысын ұйымдастырып, шетелдік достарымызды шақыруды жоспарлауда», – деген Андрей Қала күніне орай әуесқой велосипедшілердің басын қосып, веложорық ұйымдастыруды ұсынды.

Аяужан Кереева,

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале