15.12.2025, 11:45
Оқылды: 86

Оралдық жастар «Рухтастар» сыйлығының иегерлері атанды

Астанада «AMANAT» партиясы «Жастар Рухы» жастар қанатының Республикалық «Рухтастар» сыйлығы табысталды.

Биыл бесінші рет ұйымдастырылған іргелі іс-шарада қоғамдық бастамаларға айрықша үлес қосқан еліміздің ең белсенді жас азаматтары марапатталды.

Салтанатты рәсімге Мәжіліс депутаттары, қоғам қайраткерлері және белсенді жас көшбасшылар қатысты. Айта кетейік, биыл байқауға 18 бен 35 жас аралығындағы жастардан 500-ден астам өтінім түскен. Жалпы осы жылдар аралығында 100-ге жуық жас азамат «Рухтастар» сыйлығының иегері атанды. 20 облыстық ішінде батыстық рухтастар филиалының жетекшілері Архат Исламғали мен Ерлік Шамғалидың жұмысы «Белсенді қызметі үшін» аталымына лайық деп танылды.

edc6e5a8-c1f3-4869-9ee9-bf0d8ab26de6

«Біздің филиалды ең үздік деп танылуы – әріптестеріміз бен белсенділігіміздің ортақ жеңісі. Бұл марапат бізді одан әрі жауапкершілікпен жұмыс істеуге ынталандырады. Биыл біз әлеуметтік, экологиялық және білім беру бағыттарында бірнеше жобаны жүзеге асырдық. Алдағы уақытта да өңіріміздегі жастар саясатын дамытуға үлес қоса береміз», – деді «Жастар Рухы» жастар қанатының консультанты Ерлік Шамғали.

a0723b57-27f6-40d3-bb5d-5d666d4e725e

Сонымен қатар «Белсенді рухтас» жыл белсендісі номинациясы бойынша еліміздің түкпір-түкпірінен келген 20 азамат марапатталды. Оның ішінде БҚО-дан Бақытханым Әділханқызы да марапатқа ие болды.

 zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале