30.10.2024, 17:30
Оқылды: 138

Оралдық зияткерлер желілік арт-фестивальден жүлделі оралды

28-29 қазан күндері Шымкент қаласында «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ филиалдары арасында «A Million Dreams» арт-фестивалі өтті. Аталған байқау түрлі бағытта ұйымдастырылды, сонымен қоса еліміздегі NIS желісінің 22 мектебінен өнерпаздар қатысты. Зияткерлері екі күн бойы шығармашылық шеберліктерін шыңдады. Олардың өнерін  елімізге танымал актерлер мен белгілі медиа мамандар бағалады. Нәтижесінде Орал NIS оқушыларын да үздіктер қатарына лайық деп санады. Бұл туралы Орал қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебінің баспасөз қызметі хабарлады.

4d909362-66e5-4f49-b09a-2dd46342222d

Мектебіміздің шығармашылық тобы «Үздік мюзикл» бағыты бойынша «Үздік музыка» номинациясын иеленді. Мюзиклді орындаған оқушылар: Назерке Ғабиден, Жанель Қанатқали, Алтынбек Мәди, Меруерт Беимбет, Нұрсәт Пазыл, Надир Мажит, Тамерлан Шынболат, Айтуған Маратов, Рахман Тимирбулат, Дана Арыстанбекова, Аянат Әлен (жетекшілері: З. Тілепбергенова, А. Забесов, Ж. Мамедова, А. Тілеуғалиев).

Оқушылар жас өскін, яғни жас буынның ақ адал арманы мен мол мүмкіндігін көрсететін «Мен әлемді өзгертуге асықпын...» атты мюзиклімен өнер көрсетті.

cf430bbd-dcb0-43df-8a9f-85a049358633

64d17a1f-b09b-4880-84da-79ac59709b33

Айта кетейік, арт-фестивальдің шарты бойынша үздік жұмыстар жүлделі орындар арқылы емес, номинациялармен анықталды. Әр бағыт бойынша санаулы номинация болғанын ескерсек, оралдық зияткерлер өнер әлемінен де биіктен көріне білді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале