22.10.2024, 18:00
Оқылды: 122

Оралдықтар әлем чемпионатының қола жүлдегері Мөлдір Өтесбаеваны теміржол вокзалында күтіп алды

Таяуда Өзбекстанның Бұқара қаласында қоян-қолтық ұрыстан әлем чемпионаты өтті.  Ел намысын қорғаған оралдық Мөлдір Өтесбаева 70 келі салмақ дәрежесінде сынға түсіп, қола жүлде иегері атанды. Бойжеткенді Орал теміржол вокзалынан облыстық қоян-қолтық ұрыс федерациясының президенті Махамбет Сұлтанғалиев пен спорт жанкүйерлері, Ұлттық ұлан «Батыс» ӨҚ-ның әскери оркестрі салтанатпен қарсы алды.

IMG_9360

– Әлем шемпионаты­на ел спортшылары жо­ғары дайындықпен барды. Өзім бұл спорт түрімен 4 жылдан бері шұғылданып келемін.

Әрине, алтыннан алқа тағынып, көк Туымыз­ды желбіре­тіп, Әнұра­­нымызды әуелету бас­ты мақсатым еді. Бі­рақ қарсыласта­рымыз  да осал болмады. Қоянқолтық ұрысына мені дайындап, жан-жақты жетілдірген жаттықты­рушым Тимур Ешовқа, мені қолдап-қол­пашта­ған ата-анама, жан­күйерлеріме, бозкілемдес спортшы бауырларыма алғысымды білдіре­мін.

Әлемдік шемпионатқа  құр физикалық дайын­дық жеткіліксіз болады. Егер қолдаушыларым осылай әр­кез үміт артып, дем бе­ріп жүрсе, бұ­й­ырса, келер жылы әлем шемпионы атанарыма сенім­дімін. «Emir team» жаттығу залында спорт­тық қарқынымды күшейтпекпін. Бұл жаттықтыру залы 4 мыңға жуық жасты әртүрлі спорт бағытында дайындап келеді. Облы­сымыздан спорт ше­бер­лері шығатынына күмә­нім жоқ, – деді қоян-қолтық ұрыстан спорт шебері Мөлдір Өтесбаева.

БҚО қоян-қолтық ұрыс федерациясының ұжымы қазақы дәстүрмен спортшы аруға шапан жауып, гүл шоқтарымен күтіп алды. Мөлдір – облыс тарихында қоян-қолтық ұры­сынан әлем шемпионатында жүлде алған алғашқы ару. Бұған дейін Мөлдір кішкентайынан аралас жекпе-жек, бокс секілді спорт түрлерімен шұғылданған.

IMG_0640

Әлемдік додада топ жаруына осы спорт түрлері де өз пайдасын тигізген көрінеді. Махамбет Амантай­ұлы: «Мөлдір Батыстың ға­на емес, күллі қазақ елі­нің мерейін асырды. Мәншүк, Әлия, Хиуаз батыр апаларымыздың бүгінгі ізбасары. Спорт­тық додада өзін батырдай көрсетіп келеді», – деді.

Мөлдір Уахитқызы 12-14 шілде аралығында өткен қоян-қолтық ұрысынан ересектер арасында Қазақстан Республикасының шем­пионы да атанды. Одан бөлек үш дүркін ҚР чемпионы  болды. 

Айта кетелік, аталмыш чемпионатқа әлем­нің 34 елі­нен 300-ге жуық спортшы қатысқан. Елі­­міз бұл додада 4 алтын, 5 күміс, 19 қола жүлде­ні қанжы­ғалап, командалық есеп­те екінші орынға ие болды.

Нұрым Ғұмар

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале