Бүгін қаладағы автобекетте Ақ Жайық жұрты спортшыларды ерекше салтанатпен қарсы алды.
Айта кетейік, 2019 жылдың 22-31 тамыз күндері Болгарияның Кранево қаласында дойбыдан жастар арасында әлем чемпионаты өтті. Байрақты дода да БҚО-ның дойбышылары Алтынай Жұмагалдиева, Анель Давлетова, Тоғжан Тәжібекова БҚО ҚР ұлттық құрамасы сапында мықты ойын көрсетті.
Әлемнің 19 елінен 200-ге жуық спортшы қатысқан чемпионатта Анель Давлетова (16 жасқа дейін) және Тоғжан Тәжібекова (13 жасқа дейін) дойбыдан әлем чемпионы атанса, 6 дүркін әлем чемпионы Алтынай Жұмагалдиева әйелдер арасында тұңғыш халықаралық гроссмейстер атағын иеленген қазақстандық атанды.
zhaikpress.kz
Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер